сенбі, 23 қараша, 2024 14:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау қажет

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау қажет
ашық дереккөзі
Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау қажет

Отандық, оның ішінде жергілікті жердегі тауар өндірушілерге айрықша қолдау қажет. Себебі мемлекеттік органдар отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға қаражаттың ең аз бөлігін  жұмсайтын көрінеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті кеңесте мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтудың үлесін арттыру мәселесі талқыланды.

Басқосуда күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев баяндама жасады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда өңірлік деңгейде жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша облыстық комиссия жұмыс істеуде. Жыл басынан бері комиссияның 9 отырысы өтіп, облыстық басқармалар мен Тараз қаласы және аудандарға жұмысты тиісті деңгейде үйлестіру және уақытылы ақпаратты ұсыну туралы бір қатар тапсырмалар жүктелген.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсынған есептеріне сәйкес, «Қарапайым заттар экономикасы» салаларына жататын өнеркәсіптің 8 бағыты бойынша жергілікті қамту үлесін арттыруға мониторинг жүргізіліп,  оған «Құрылыс-монтаж жұмыстары» және «Жұмыспен қамту жол картасы» жобалары бойынша сатып алынған құрылыс материалдарының есептілігі қосылған. «Қарапайым заттар экономикасы» салаларына жататын өнеркәсіптің 8 бағыты бойынша жергілікті тауарларды сатып алу үлесі 41,8 пайызды құрап отыр.

Мемлекеттік сатып алудағы өзекті мәселелердің бірі – тапсырыс берушілердің бір көзден тікелей келісім шарт орнатып, сертификаты жоқ жеткізушілермен жұмыс жүргізуі болып табылады. Бұл жергілікті қамту үлесінің көрсеткішінің төмендеуіне әкеліп соғуда.

Осы орайда аталған басқарма басшысы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері міндетті түрде мемлекеттік сатып алу кезінде алдын ала іріктеу конкурсы арқылы жарияланғанын қадағалау маңыздылығын жеткізді.

Жиын соңында аймақ басшысы жергілікті қамту мәселесінде әлі де болса жүйелі жұмыс жоқ екенін алға тартты. Әрбір құрылыс нысаны назарға алынуы тиістігін айтып, басқармалардың жұмысын қатаң сынға алды. Өңірімізде өндірілетін өнімді, өз тауарларымызды алуға көңіл бөлуге шақырып, жергілікті тауарлардың үлесін көбейту жолында жұмыс істеуді тапсырды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар