жұма, 27 желтоқсан, 2024 20:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жетісу облысында көп балалы ана 10 бума аспирин ішіп, қаза тапты

Жетісу облысында көп балалы ана 10 бума аспирин ішіп, қаза тапты
ашық дереккөзі
Жетісу облысында көп балалы ана 10 бума аспирин ішіп, қаза тапты
Жетісу облысы Ақсу ауданында көп балалы Балжан Ұзбекова 10 бума аспирин ішіп, бір тәулік ішінде жан тапсырған, деп хабарлайды Жамбылинфо Жетісу облысындағы белсенді журналист Сандуғаш Дүйсеноваға сілтеме жасай отырып. Қайғылы оқиға 2023 жылдың 28-29 желтоқсанында орын алған. Сандуғаш Дүйсенованың мәліметіне сүйенсек, марқұм Балжан Ұзбекованың 35 жаста болған. Журналист Балжанның жақындарымен кездесіп, оқиғаның қалай болғанын баяндайды. “Жетісу облысында көп балалы ана өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапты. 35 жастағы Балжанды құрбысы 28 желтоқсан күні кешке Ақсу аудандық ауруханасына алып барған. Арада бір тәулік өткенде ол қаза тапқан”,-деп жазады Дүйсенова. Марқұмның құрбысы Эльмира Құсманова Балжанмен соңғы рет 28 желтоқсан күні сөйлескенін айтқан. “28 желтоқаан күні кешкі сағат 17.00 шамасында Балжан маған қоңырау шалып, қатты жылады. Жаңа ғана Ақсу ауданы әкімінің кабинетінен шыққанын, ол оны қуып жібергенін айтып, өксікке булықты. Өсек айтып, арыз жазатындардан және немқұрайлы шенкуніктерден шаршағанын айтты. Сондықтан, өмірмен қоштасу үшін дәрі іштім деді. Мен қатты шошып кетіп, оған тезірек үйге кел дедім”,-дейді сол күнді еске алған Эльмира. Эльмира Құсманованың айтуынша, Балжанды ауруханаға оның тағы бір құрбысы Гүлмира апарған. Дәрігерлер оны бірден реанимацияға жатқызғанмен, келесі күні Балжан көз жұмған. Сандуғаш Дүйсенова марқұм Балжанның енесімен сұхбаттасып, тың мәліметтер жинаған. “Келінім Ақсу ауданының әкіміне барып, өзінің дәрі ішкенін айтқан. Алайда, әкім оны кабинетінен қуып шыққан. Онымен қоса, біздің үйімізге полиция жіберіпті”,-дейді Сандуғаш Дүйсеноваға сұхбат берген Балжанның енесі Назгүл Әлімбек. Ақсу ауданының әкімі Берік Тынышбаев сол күні Балжанның өз кабинетіне келгенін растаса да өліміне қатысым жоқ дейді. “Ол менің кабинетіме жұлқынып кіріп, үстелімнің үстіне дәрінің бос қапшықтарын лақтырып, өлгім келеді деді. Маған тіл тигізіп, кабинетімнен өзі шығып кетті. Мен бірден полиция шақырып, оны табыңдар дедім. Бұны дәлелдейтін бейнежазбаларды тергеуге тапсырдым”,-дейді Ақсу ауданының әкімі Берік Тынышбаев. Сандуғаш Дүйсенованың мәліметіне сүйенсек, қазір жергілікті полиция өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар