Жаңалықтар
Жетісу облысының таулы аймағында өрт сөндіру жұмысы әлі жалғасып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 11 қыркүйек, 2022
- 300
Жетісу облысының таулы аймағында өрт сөндіру жұмысы әлі жалғасып жатыр
Жетісу облысы Алакөл ауданындағы «Достық» станциясына жақын маңдағы өрт сөндіру жұмысы әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өрт сөндірушілердің жалынға қарсы күресіп жатқанына бүгін төртінші күн. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, таулы аймақтағы «Кендір Сақал» учаскесіне тік ұшақтармен 84 тонна су төгілді.
Бүгін таңертең өрт ошақтарын анықтау үшін МИ-171 тікұшағымен комиссиялық бақылау жүргізілді. Шамамен 70 гектар аумақта 10 жердің бықсып жатқаны анықталды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өртті сөндіруге 232 адам, 2 тікұшақ, 26 техника, 60 аспалы бүріккіш және 11 жылқы жұмылдырылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Алматы облысында көпірден секірмек болған қыз құтқарылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жаңа заң: Дәрігерлердің қателігі үшін науқасқа ақы төленеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024
Жаңалықтар
Ақтауда қатты жел соғып, қаланың тең жартысы жарықсыз қалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024