Жол апатынан төрт адам қайтыс болды.
Оқиға Ақсу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 336 шақырымында болған.
Полиция мәліметінше, Lada Priora жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Toyota Windom көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі, оның екі жолаушысы, сондай-ақ Toyota Windom көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Зардап шеккендердің бесеуі аудандық ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Алматы облысында жол апатынан үндістандық екі студент көз жұмды
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 қаңтар, 2026






