жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жетісулық ауыл оқушылары Қытайда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

Жетісулық ауыл оқушылары Қытайда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Чемпионатқа 6-10 жас аралығындағы 238 команда қатысқан

Бейжіңде өткен FIRST Lego League робототехника бойынша ұлттық чемпионат аяқталды.  Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6-10 жас аралығындағы 238 команданың арасында күміс жүлдеге қол жеткізіп, екінші орын еншіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқушылар «Өнердегі инновация» тақырыбында LEGO-дан робототехника әзірлемелерін даярлап, фокустар көрсету бағдарламасы орнатылған интерактивті роботтар құрастырған.

«Айтулы чемпионатта еліміздің намысын Жетісу облысының ауыл мектептерінің және Талдықорған қаласының бастауыш сынып оқушылары Нұрсұлтан Бексұлтанов, Нұрболат Алинур және Нұржан Жантөре қорғады. Жаттықтырушы – Альбина Қожантай», -деп жазылған министрліктің сайтында.

Сондай-ақ дәл осы күні Алматы қаласының жас инженерлері Сиднейде First Lego League Challenge санатындағы Asia Pacific Open Championship чемпионатында беделді Motivate Award жүлдесін жеңіп алғанын атап өткен жөн.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар