жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жезөкшелер притонын ұйымдастырған 48 жастағы әйел ұсталды

Жезөкшелер притонын ұйымдастырған 48 жастағы әйел ұсталды
ашық дереккөзі
Жезөкшелер притонын ұйымдастырған 48 жастағы әйел ұсталды
Жамбылдық полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады. «Стоп трафик» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні Тараздағы Исатай батыр көшесіндегі сауықтыру кешенінде полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, ұстаған 48 жастағы әйелді ұстады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады. «Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық анықталды» делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Профилактикалық есепке «сутенер» санаты бойынша 2 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 5 әйел қойылды. Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар