«150%-ға дейін ынталандыру ақысы мен біліктілік санаты беріледі»: Министрлік үздік мұғалімдерге іздеу салады
- авторjambylinfo.kz
- 19 қыркүйек, 2024
- 1.2k
Елімізде кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің мәліметінше, кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасына қатысуға құжат қабылдаудың бірінші кезеңі аяқталды.
Аталған бағдарлама Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында жүзеге асырылып жатыр. Бұл өңірлерге математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет етіледі.
Бағдарламада педагогтерді қолдаудың бірқатар шарасы қарастырылған: 150%-ға дейінгі мөлшерде ынталандырушы қосымша ақы төлеу, сондай-ақ арнайы бағдарламаға қатысушы ЖОО түлектеріне «педагог-модератор», ал «педагог-сарапшы» мен «педагог-зерттеушіге» бір саты жоғары біліктілік санатын беру.
Конкурсқа тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсіптік білімі бар педагогтер, біліктілік санаттары бар педагогтер, сондай-ақ оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектерi тұрғылықты жеріне қарамастан қатыса алады. Байқаудан іріктеліп, төрт облыстың біріне қоныс аударған мұғалімдердің балалары балабақшада, орта мектепте орынмен қамтылады және олармен еңбек шарты 5 жылға жасалады, - дейді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Байқау екі кезеңнен тұрады: компьютерлік тестілеу, эссе жазу, сондай-ақ әңгімелесуден өту. Тестілеу мен эссе жазу онлайн форматта еліміздің 17 өңірінде НЗМ базасында қатысушының таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өтеді. Мұғалімдерді бос лауазымдарға тарту үшін тиісті өңірлердің облыстық білім басқармалары жанынан үйлестіру кеңестері, сондай-ақ министрлік жанынан конкурстық комиссия құрылады.
Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша 45 адам құжат тапсырды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Белгілі актер Мұрат Бисембин ауыр дертпен күресіп жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024