жексенбі, 24 қараша, 2024 0:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жол апаты салдарынан 33 жастағы инспектор қайтыс болды

Жол апаты салдарынан 33 жастағы инспектор қайтыс болды
ашық дереккөзі
Жол апаты салдарынан 33 жастағы инспектор қайтыс болды
«Екатеринбург-Қарағанды» автожолының Балқаш қаласы маңындағы учаскесінде жүк көлігі мен патрульдік полиция автомобилі соқтығысты. 15 сәуір таңғы 06.40-та «Екатеринбург-Алматы» тас жолында Балқаш қаласынан Қарағанды қаласы келе жатқан жолдың 45 шақырымында, 41 жастағы азаматтың басқаруындағы «Volvo» жүк көлігі мен 33 жастағы облыстық патрульдік полиция батальоны инспекторының басқаруындағы «Kia Rio» автокөліктері соқтығысты. Жол – көлік оқиғасының салдарынан алған дене жарақаттарынан арнайы көліктің жолаушысы, қызмет бабында жүрген облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы, 46 жастағы Хайдар Оразбаев көз жұмса, арнайы көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. «Қарағанды облысы ішкі істер органының басшылығымен жеке құрамы қайтыс болған әріптесіміздің туған-туыстарымен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев Ішкі істер органында 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет атқарды. Үйленген. Төрт бала тәрбиелеген», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз-қызметі. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар