Жол саласы: 24 нысанға 42 инспекциялық тексеру жүргізілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 маусым, 2025
- 168
Жамбыл облысында жол сапасына қатысты бақылау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жолдардың сапасына алаңдайтын жүргізушілер саны аз емес, себебі олар көлік салығы арқылы жол жөндеуге үлес қосып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалы биыл 24 нысанда 42 инспекциялық тексеру өткізіп, 149 сынама алған.
Нәтижесінде:
31 сынама талаптарға сай,
52 сынама бойынша сараптама жалғасуда,
66 сынамада сәйкессіздік анықталды.
Облыста битум тапшылығы жоқ. 2025 жылы жоспарланған жол жөндеу жобалары үшін 30 мың тонна битум қажет болса, қазіргі таңда 7,4 мың тонна қор дайын тұр. Бұл қор 34,1 мың тонна сыйымдылығы бар 7 қоймада сақталған.
2024 жылдың соңына дейін:
Жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 99,5%-ға жетпек (2023 ж. – 99%),
Елді мекен көшелерінің жағдайы 89%-ға жеткізіледі (2023 ж. – 87%).