"Жол жоқ": ІІМ қазақстандықтарды алыс жолға шықпауға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 15 желтоқсан, 2024
- 501
Қарағанды облысында күрделі ауа райы жағдайынан туындаған жолдағы көктайғаққа байланысты республикалық және облыстық маңызы бар барлық тас жолдар жабылды. Осыған байланысты жолдарда кептеліс пайда болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Қарағанды облысында түнде 1000-нан астам көлік жолда кептеліп қалған.
“Қазіргі таңда облыста 1000-нан астам көлік тоқтап тұр. Әсіресе күрделі жағдай Қарағанды-Астана бағытында байқалады, онда көктайғақ салдарынан 700-ден астам көлік жиналып қалды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақтық полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары түнде Қарағандыдан Ақмола облысының шекарасына дейін 700-ден астам және қарсы бағытта 1000-нан астам көлікті алып жүруді ұйымдастырды”, делінген Ішкі істер министрлігінің таңға жуық жария болған ақпаратында.
Ішкі істер министрлігі Қазақстандықтарды алыс жолға шықпауға, жол ережесін мейлінше сақтауға үндеп отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз