жұма, 27 желтоқсан, 2024 5:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жолдаудағы тапсырмалар орындалып жатыр

Жолдаудағы тапсырмалар орындалып жатыр
ашық дереккөзі
Жолдаудағы тапсырмалар орындалып жатыр
Қордай ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы сөз етерде, алдымен іргелі мекен, экономикасы, әлеуеті жоғары аудан дей келе әр сала бойынша статистикалық мәлеметтерге сүйене баяндауға болады. Бірақ, сол бір статистиканың артында орасан зор жұмыс, қажырлы еңбек жатқанын да ұмытқымыз келмейді. Биыл құрылғанына 95 жыл толған, 19 ауылдық округі, 41 елді мекені, 160 мыңға жуық халқы бар ауданымызда ауыз толтырып айтарлықтай істер қолға алынды. Дей тұрғанымен, тоғыз жолдың торабында орын тепкен ауданға әкім болып келген бір жылға жуық уақыт ішінде алдымыздан қандай міндеттер шықты, оны шешуде нендей жұмыстар атқардық, тосыннан келген проблемаларды шешу жолында қандай қадамдарға бардық, ең бастысы аудан тұрғындарының тұрмысын түзеу, мұңын тыңдап, мұқтажын өтеуде қолданған тетіктеріміз қайсы? Осы және өзге де мәселелер бойынша алдарыңызда баяндамамды бастасам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»  атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауы алдағы атқаратын жұмыстарымыздың бағытын айқындап, бағдарымызды көрсетіп берді. Қордай ауданында ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар жайына  қысқаша тоқталып өтсем.         Мықты экономика – тұрақтылық кепілі. Ауданда барлық салада оң динамика қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім 140,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде даму драйвері саналатын өнеркәсіп 15,8 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы 70,1 млрд.теңгеге орындалса, инвестиция 36,7 млрд.теңге болып, құрылыс жұмыстары 13,1 млрд.теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіштер ең алдымен жұмыспен қамтуға көмек болды.         Агроөнеркәсіп кешені саласында есепті кезеңге 2,3 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба іске қосылып, 50 жұмыс орны ашылды. Өнеркәсіп саласында 1,7 млрд. теңгені құрайтын 29 жоба іске қосылып, 136 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, 740 млн. теңгеге 6 жобаны іске асыру жоспарлануда, соның нәтижесінде 47 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Қазір 2 жобаның құрылысы аяқталып, 23 тұрақты жұмыс орындары ашылды. Бұл жобалар әсіресе ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға сеп болып жатқанын ерекше атап өткім келеді.           (Беріктас ауылында ауысымына 10 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пунктті, Аухатты ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені). «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба аясында шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 556 бірлікті құрап отыр. Сондай-ақ,  кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған адам саны 15 951 адам болды. Бүгінгі күнге ауданда түрлі бағдарламалар арқылы жалпы   5  млрд. теңгеге несие беріліп, 32 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы соммасы 582,2 млн. теңгені құрайтын 36 жоба қолдау тапты. Яғни, өз жеке ісімді бастаймын деген қордайлықтарға үлкен қолдау жасалды. Ал, көптеген жұмыс орындары осы жобалар арқасында, яғни, құрылыс алаңдарында ашылғанын айта кеткім келеді. Ол туралы толық айтар болсам.  Құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу ұстанған басты бағытымыздың бірі. 2023 жылы аудан бойынша жалпы 30 жобаға бюджеттен 9,6 млрд. теңге бөлініп, іске асырылуда. Оның 21-нің құрылысы 2023 жылы аяқталуы тиіс, 9 нысан 2024 жылға өтпелі болып отыр. Осылардың ішінде үй кезегінде тұрған азаматтар үшін жағымды жаңалықтарымыз да жоқ емес. «Жайлы мектеп» жобасы ауданымызда табысты іске асып жатқанын да ерекше атап өткім келеді. Жоба аясында Қаракемер, Қарасу ауылдарындағы 300 орындық мектеп және 1 жоба - Бәйтерек ауылындағы 150 орындық мектеп құрылыстары жүруде. Одан бөлек «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2024 жылы Қордай ауылында 900 орындық мектептің құрылысын салу жоспарда бар. Президент Жолдауында миллионға жуық адам тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болғанын атап өтті. Мұнда Қордай ауданы да қалыс қалған жоқ. Аудан азаматтарын тұрғын үймен қамту мәселесіне тоқталатын болсам, тұрғын үй кезегінде 2321 азамат кезекте тіркелген. Қазіргі таңда аудан бойынша 60 пәтерді сатып алуға республикалық бюджеттен 576 млн. теңге қаражат бөлінді. Осы жоспарды орындау мақсатында арнайы 4 пәтерлі 1 қабатты тұрғын үйдің эскиздік жобасы әзірленді. Әр пәтердің көлемі 58 шаршы метрді құрайды. Осы жоба аясында мердігер анықталып, қазіргі таңда Қордай ауылында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталып, 30 пәтер сатып алынды, қалған 30 пәтер жыл соңына дейін сатып алынып қолданысқа беріледі. Одан бөлек, «Асар» жобасы аясында 2023 жылға 16 аз қамтылған отбасыны жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Оның ішінде  3  жаңа құрылыс, 9 сатып алу, 4 күрделі жөндеу арқылы жүзеге аспақ. Бүгінгі күнге12 тұрғын үй қолданысқа берілді. Осы орайда «Асарлатқан» ағайынға айтар алғысымыз шексіз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Ел болашағы жастардың қолында. Сол себепті де жастарға қолдау көрсету аудан әкімдігі тарапынан ұдайы жүргізіліп отырады.  Жалпы аудан бойынша 14-35 жас аралығында 48 500 жас бар. Бұл аудан халқының 33% құрап отыр. 2023 жылдың 10 ай қортындысы бойынша 1685 жас азамат әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылса, оның ішінде 1114  жас  ваканттық бос жұмыс орындарына  жолданды. Қыркүйек айынан бастап 40 жас қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылды. Ал,  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 320 жас оқуын аяқтап, сертификаттарын алды.Сонымен қатар 33 азаматқа жалпы соммасы 45540,0 мың теңге көлемінде  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант берілді. Бұл қомақты қолдау болды деп ойлаймын. Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Әулие ата жастары» бағдарламасы арқылы 6 қордайлық жас отбасы «Отбасы банкі» арқылы баспаналы болды. Оқуын жаңа бітіп, жұмысқа орналасқан жас маманға қолдау болып келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2023 жылға республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға 16 маманға 82,8 млн. теңге қаражат қарастырылған болатын.  Ал, аудандық бюджеттен көтерме жәрдемақы әлеуметтік қолдау шараларына - 100 маманға 34,5 млн. теңге қаржы бөлінді. 32308 оқушысы бар Қордай ауданында білім саласы бойынша қолға алынған, әлі де болса жоспарлы түрде іске асатын жұмыстар жетерлік. Соларға нақты тоқталып өтсем. Жаңа оқу жылында ауданымызда білім беретін 47 мемлекеттік, 19 бастауыш жекеменшік және сырттай оқыту мектебі жұмысын бастады. Ал, 63 мектепке дейінгі мекемелерде 8025 бала тәрбиеленуде.  (Олардың 19-ы мемлекеттік балабақшалар, онда 2540 бала, 44 жекеменшік балабақшада 5485 бала және 5 шағын орталықта 221 бала). Жалпы ауданда 1-6 жас аралығында мектепке дейінгі біліммен қамту үлесі – 99,4% құрап отыр. Қордай ауданында 45 медициналық ұйым қызмет көрсетеді (аудандық орталық аурухана-1, аудандық емхана-1, ауылдық емхана - 2, ауылдық аурухана - 3,  дәрігерлік амбулатория – 18,  фельдшерлік амбулаториялық пункт - 8  және  медициналық пункт-12). Биылғы жылдың соңына дейін шалғай орналасқан   Анырақай  ауылында  5 ауысымға арналған медициналық  пункт құрылысы аяқталады деп күтілуде (138 667,0 мың теңге). 2023 жылдың 10  айында аудан тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 73,3 жасты құрады. (Жалпы өлім – жітім коэфицентті 100 мың адамға шаққанда  430,0  промильді құрады. Аналар өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғанға шаққанда есепті 36,4 промильді құрады немесе 1 жағдай (2022 жылы-0). Нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 тірі туған нәрестеге есептегенде 5,1 промильді құрады немесе 14 жағдай (2022 жылдың 10  айында – 5,6  промиль  немесе 15 жағдай). Талай ауылдың түлеуіне серпін берген «Ауыл аманаты» жобасы Қордайда табысты іске асуда. 2023 жылы 3 ауылдық округ қатысып, 1,9 млрд. теңгеге 354 ауыл тұрғындарын 2,5%-бен несиелендірілу жоспарланған. Бүгінгі таңда Кенен ауылдық округінде мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 73 азамат, Қарасу ауылдық окургінде 69 азамат, Қаракемер ауылдық окургінде 137 азамат несие алды. Олардың алды қазір табысты кәсібін бастап үлгерген. Агралы саналатын Қордай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 609 мың 175 га құрайды. Күздік бидай – 25941,9 гектар жерге себілді, жаздық арпа 39399,3 га, дәндік жүгері 8044,9 га, майлы дақылдар 298,3 га, қант қызылшасы 357 га, картоп 3264,6 га, көкөніс 4069,1 га, бақша  357 га, мал азықтары 36517,5 га, сүр (пар) 10 204 га құрап отыр. Қазір масақты дақылдардың  65 341 гектары толығымен орылып, 60 767 тн астық бастырылды. Аудан бойынша масақты дақылдардың орташа өнімділігі 9,3 центнерден айналды. 1617,8 млн. теңгеге барлығы 261 бірлік техника алынды. (өз қаражаттарына  228 дана – 1142,2 млн теңге, 475,6 млн. теңгеге–33 дана техника лизингке). 2023 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспардағы 10,9 млрд. теңге, түскені 11,8 млрд. теңге немесе 108,7 %-ға орындалып, 947,6 млн.теңге артық түсті. Аудан бюджетінің шығыстар бойынша есептік кезенде игерілуі 10,9 млрд. теңгені құрады. Қордай ауданының аумағында 2023 жылдың 10 айында жалпы 202 қылмыс тіркеліп, оларды ашу  71,6 % құрады, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда – 27,3 пайызға төмендеген. Аудан аумағындағы автожолдардағы жол-көлік оқиғаларының саны 8 %  өсті (188-ден 196). Оның ішінде қайтыс болғандар саны 12% өскен және әр-түрлі дене жарақаттарын алғандар саны – 26 % өсті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар