жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 0:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жомарт түлектер Таразда бас қосты

Жомарт түлектер Таразда бас қосты
ашық дереккөзі
Жомарт түлектер Таразда бас қосты
  Таразда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт Түлек-2021» форумы өтті. Оған қонақ ретінде облыстың білім ұяларын бітірген танымал түлектер қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев іс-шараның ашылуында бұл кездесудің тәрбиелік мәніне тоқталып өтті. - Басты мақсат – елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру. «Жомарт түлек» жобасы аясында jambyl-tylek.kz. сайты іске қосылып, оған 80 мыңға жуық түлек тіркелген. Соңғы бес жыл ішінде біздің түлектер туған мектебіне, ауылына жалпы сомасы 2 миллиард теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. «Туған жер» жобасы аясында 5,5 миллиард теңге көлемінде 30-дан астам әлеуметтік жобаны іске асыру ұсынылуда, - деді облыс әкімі. Сан салада ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген танымал түлектер жетістікке жету тәжірибесімен және туған ауылдары туралы естеліктерімен бөлісті. Олардың бірқатары арнайы келіп қатысса,  бірқатары онлайн бейнебайланыс арқылы қосылды. Қонақтардың қатарында Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімов, тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков, мемлекет және қоғам қайраткерлері Өмірбек Байгелді, Мырзатай Жолдасбеков, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев, Қазақстанның Еңбек Ері  Аягүл Миразова, Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» директорлар Кеңесінің төрағасы Гүлмира Исимбаева да бар. Махмұд Қасымбеков Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын  оқып, Бердібек Сапарбаевқа  өңірде қазақстандықтардың патриоттық рухын нығайтуға ықпал ететін осындай игі шараны өткізген бастамасы үшін білдірген алғысын жеткізді. - Туған жеріне, халқына деген сүйіспеншіліктен туған осындай игі іс-шаралар патриоттық сезімді күшейтіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосады. Жамбыл облысында басталған форум республиканың өзге де өңірлерінде өз жалғасын табады деп сенемін, - делінген Елбасының құттықтау сөзінде. Форум барысында "Жомарт түлек" сыйлығын табыс етілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар