Жуалы ауданында көкпардан алғашқы жастар чемпионаты өтті
- авторjambylinfo.kz
- 14 наурыз, 2025
- 1.0k

Ұлттық спорттың дамуына серпін берген бұл жарысқа Ақсай, Ақтөбе, Боралдай, Жетітөбе, Қарасаз, Қызыларық, Мыңбұлақ, Шақпақ ауылдық округтері және Бауыржан Момышұлы ауылының көкпаршылары қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұған дейін жеребе тартылып, командалар екі топқа бөлінді. Алғашқы кездесуде Бауыржан Момышұлы мен Мыңбұлақ командалары сайысқа түсіп, 3:5 есебімен Мыңбұлақ құрамасы жеңіске жетті. Одан кейінгі ойында Қызыларық командасы Ақтөбе командасын 3:0 есебімен ұтты. Үшінші кездесуде Ақсай командасы Бауыржан Момышұлы командасын 2:1 есебімен жеңді. Осылайша, жарыстың алғашқы үш ойыны өз мәресіне жетті.
Чемпионаттың ресми ашылу салтанатында Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Жабағы ұлттық спорттың өркендеп келе жатқанын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан кейін аудандық мәслихаттың төрағасы Зиядхан Бүрлібаев пен «Аманат» партиясы Жуалы аудандық филиалының төрағасы Марат Нарымбеков жарыстың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Сейітқазы қажы Әбдірұлы жастарға ақ батасын беріп, жарыс жалғасын тапты.
Төртінші ойында Ақтөбе мен Мыңбұлақ командалары тең түсті. Бесінші кездесуде Ақсай командасы Қызыларық командасын 4:1 есебімен ұтты. Алтыншы ойында Бауыржан Момышұлы ауылы командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, Ақтөбе командасын 1:0 есебімен жеңді. Жетінші кездесуде Ақсай командасы Мыңбұлақты 6:2 есебімен жеңіп, өзінің мықтылығын көрсетті. Сегізінші ойында Қызыларық командасы Бауыржан Момышұлы құрамасынан 4:0 есебімен басым түсті. Ал соңғы ойында Ақтөбе командасы алаңға шықпағандықтан, жеңіс Ақсай командасына берілді.
Чемпионаттың соңғы кездесуінде Қызыларық және Мыңбұлақ командалары өзара сайысып, көрермендерге нағыз тартысты ойын сыйлады. Екі команда да жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, нәтижесінде Қызыларық командасы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қызыларық командасы топтан екінші орынмен жартылай финалға жолдама алды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Мемлекет басшысы Бюджет кодексіне қол қойды
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Қазақстан Барысы» іріктеу турнирі өз мәресіне жетті
- авторjambylinfo.kz
- 20 наурыз, 2025
Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы сөйлесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 наурыз, 2025