Жаңалықтар
Жуалыда қар құрсауында қалған 21 адам құтқарылды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 4 наурыз, 2025
- 658

Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады
Жуалыда қар құрсауында қалған 21 адамды құтқарылды, деп хабарлайды Jambylimfo.kz
Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Б. Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған» автожолының Құренбел ауылының маңында, сондай-ақ Ертай ауылының жанында 5 жеңіл көлік қар құрсауында қалып койды. Көлік ішінде 21 адам, оның ішінде 3 бала болды,- делінген хабарламада.
Ал ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жол талғамайтын көлікпен жедел келіп, құтқарылған адамдарды Күреңбел ауылына эвакуациялады. Оқиға орнында медициналық көмекке ешкім мұқтаж болмады.
Айта кетейік, дауылды ескертулер туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмаңыз және алыс жолға шығар алдында барлық қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.
Келесі мақала
Елімізде педагогикалық ғылымды дамыту орталығы құрылады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда «Қазақстан Барысы» іріктеу турнирі өз мәресіне жетті
- авторjambylinfo.kz
- 20 наурыз, 2025
Жаңалықтар
Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы сөйлесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 наурыз, 2025