Журналистерді итке теңеген Бас прокуратура қызметкері мәжілісте жерге құлап түсті (ВИДЕО)
- авторjambylinfo.kz
- 13 наурыз, 2024
- 1.2k
Бүгін Мәжіліс отырысынан кейін журналистер Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевке бірқатар өткір сұрақтар қойды. Әсет Шындалиев бірнеше сауалдан кейін журналистердің арасынан сытылып шыққысы келді. Бірақ, сұрақтарына толық жауап алмаған БАҚ өкілдері оны жібермей, артынан еріп жүріп, сұрақ қойған кезде Мейрамбай Кемалов шалынып, жерге құлап түскен.
Шындалиев Бас прокуратураның Парламенттегі ресми өкілін қолтықтан демеп, тұрғызды. Кемалов болса өзінің құлағанына журналистерді кінәлап, «мені неге итересіздер» деді де Шындалиев шығып кеткен есікті екі қолымен тіреп тұрып алды. Журналистер Кемаловтің «қоршауынан» шығып үлгергенше Әсет Шындалиев біраз жерге ұзап кетті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз