Жыл басынан бері жамбылдықтар жедел жәрдем қызметіне неше рет жүгінген
- авторjambylinfo.kz
- 3 желтоқсан, 2024
- 84
Жамбыл жедел медициналық жәрдем станциясына ағымдағы жылдың 10 айында 481 627 өтініш келіп түсті, оның ішінде 459 405 шақыртуға қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, емханалардың жанындағы «жедел жәрдем» бригадалары 4-санат бойынша 167 519 шақыртуға, 1-санат бойынша 27 мыңнан астам шақыртуға, 2 -анат бойынша 156 778 шақыртуға және 3-санат бойынша 103 943 шақыртуға шыққан.
Сонымен қатар 9 880 жағдайда телефон арқылы консультация берілді. Облыстың стационарларына 89 944 пациент жеткізілді. Есепті кезеңде 21 сәтті реанимациялық іс-шара өткізілген.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз