жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 0:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жыл сайын 15 баладан обыр дерті анықталады

Жыл сайын 15 баладан обыр дерті анықталады
ашық дереккөзі
Жыл сайын 15 баладан обыр дерті анықталады
  Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының онкогематология кабинетінде «Ашық есік» күні өтті. Онда науқас балаларды жоғары білікті балалар онко-гематологы Шолпан Түленбетова қабылдады. Жалпы, Қазақстанда жыл сайын 600 балаға «обыр» диагнозы қойылады. Ал Жамбыл облысында бүгінгі таңда 200-ге жуық баладан қатерлі ісік анықталып есепте тұр. Өңірде жыл сайын 15 баладан мұндай диагноз алғаш рет анықталады екен. Іс-шара барысында аурухананың педиатрия бөлімшесінде аталған дерттен емделіп жатқан кішкентай пациенттерге арналған көңілді ойындар өткізіліп, ойыншықтар табысталды. «Қазір елімізде балалар арасында кездесетін онкология ауруларын емдеу тиімділігі 70-90 пайыз. Генетикалық ақауларға байланысты пайда болатын қатерлі ісіктердің қауіпті түрлері көп. Әзірге оларды емдеу нәтижесі төмен. Бірақ әлемдік медицина дамып келеді, Қазақстанда ауруды емдеу мен бақылауда ұстауға мүмкіндік бар. Бала ағзасындағы онкология ауруын анықтау, шынымен, қиын. Сондықтан, ата-ана баласының денсаулығына өте мұқият қарауы керек. Қатерлі ісік терапиясының тиімділігі дер кезінде қойылған диагнозға байланысты екенін есте ұстаған жөн»,-деді Шолпан Туленбетова. Дәрігердің айтуынша, онкология ауруының алғашқы белгілеріне әлсіздік, белсенділіктің төмендеуі, терінің бозаруы, лоқсу, құсу жатады. Мұндай жағдайда ата-ана бірден баланы невропатологқа қаратып, скрининг және МРТ-дан өткізуі керек.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар