жұма, 27 желтоқсан, 2024 11:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жылай жаздап әрең тұрмын: Роза Әлқожа келініне ән арнады

Жылай жаздап әрең тұрмын: Роза Әлқожа келініне ән арнады
ашық дереккөзі
Жылай жаздап әрең тұрмын: Роза Әлқожа келініне ән арнады
Белгілі әнші Роза Әлқожа желідегі парақшасында ұлының тойына дайындық барысын жариялады.
“Жан ботам, жыламағын” деп өзім жылай жаздап әрең тұрмын. Бәлкім, осы күнге көп қиындықпен жеткендіктен болар. Осы той болады деген күннен бастап уайым, қорқыныш, қуаныш бәрі араласып, күн сайын өлең төгіле берді", – деген әнші.
Ол желіге концертке дайындық, жаңа әндерді жаздыру, киіт алу, алтын қарау деген жұмыстармен бірге көкейге түскен өлең жолдарын жазып та үлгерген.
"Тәңірдің таңдайға берген тартуы деп құрбыларыма айтып беріп ем, жақсы ән деп айтуымды құптады. Өңдеп үлгермеген жаңа ән. Сөз сөйлегеннен өлең не әнмен жеткізген оңай екен", – дейді Роза Әлқожа.
Әншінің туындысы былай өрбиді: Келінге арнау Түндерде тілегенім, Таңдарда сұрағаным. Баламның жүрегі едің, Жан ботам, жыламағын. Қайырмасы: Ел-жұртыңа жақ, келін, Ұл менен қыз тап, келін. Бауырыма басайын, Баламдай бол, ақ келін! Ұлымның сыңарысың, Үйімнің шырағысың. Қош келдің өз үйіңе Көп күткен, қуанышым! Жүзің неткен жайдарлы, жарқын еді, Құт келді деп күтуде, халқың, елің. Босағаңа берік бол бар айтарым, Керегеңе келін бол, бар тілегім.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар