Жылусыз қалған екібастұздықтарға өтемақы төленеді
Екібастұзда жылусыз қалған тұрғындардан өтініш қабылданып жатыр, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Шаһарда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты қала әкімі ыстық тамақпен және демалыс орындарымен қамтамасыз етуде.
Әкімдік мәліметінше, төтенше жағдай кезінде шығынға ұшыраған тұрғындар қала әкімінің атына еркін форматта өтініш жібере алады.
Онда өтініш берушінің деректемелері (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі), нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы, зақымдану себебі көрсетілуге тиіс. Өтініштерді тіркегеннен кейін әкімдік тұрғын үйге залалды өтеу үшін комиссиялық тексеру жүргізеді, – деп жазылған хабарламада.Өтініштер күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін төмендегі мекенжайлар бойынша жылыту пунктілерінде қабылданады:
- №17 орта мектеп – Рабочая көшесі, 1;
- №4 орта мектеп – Абай көшесі, 84;
- №23 орта мектеп – Сәтбаев көшесі, 24;
- №36 орта мектеп – Сәтбаев көшесі, 23;
- №22 орта мектеп – Әуезов көшесі, 54а;
- №21 орта мектеп – Петренко көшесі, 7;
- «Өнер» МКК – Әуезов көшесі, 62а;
- Музыкалық мектеп – Әуезов көшесі, 55/1.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
online dating trends
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024