жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жылыту маусымы қашан басталады?

Жылыту маусымы қашан басталады?
ашық дереккөзі
Жылыту маусымы қашан басталады?

Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин жылыту маусымы уақытында басталатынын айтты.

Үкімет басшысы өңір әкімдіктерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, әлеуметтік сала объектілері мен жылу-энергия көздерін жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыс жүргізгенін атап өтті.

«Өңірлерде жылыту маусымы жоспар бойынша басталады. Әкімдіктер инженерлік желілерде, білім беру, денсаулық сақтау объектілері мен үйлерде жоспарланған жөндеу жұмыстарының бәрін белгіленген мерзімде аяқтасын. Энергия өндіретін және энергия беретін ұйымдармен бірге аса қысқа мерзімде жылыту маусымын өткізуге әзірлік паспорттарын алуды қамтамасыз етсін. Өңірлердің әкімдіктері автономды жылу көздерінің бәрін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етсін», деді Мамин.

Сонымен қатар көмір тапшылығын болдырмауды тапсырды.

 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар