жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жылыту маусымына дайындық: Жөндеу және жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Жылыту маусымына дайындық: Жөндеу және жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Фото: ҚР Энергетика министрлігі
Ерекше назар жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімдер мен көлемдерге сай орындалуына, сондай-ақ олардың сапасына аударылды.

  Елімізде энергетикалық нысандардың алдағы қысқы жылыту маусымына дайындығы жалғасуда, бұл үдеріс Энергетика министрлігінің бақылауымен жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алматы қаласында Энергетика министрлігіне қарасты Атомдық және энергетикалық бақылау мен қадағалау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев энергетикалық инфрақұрылымның 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындығымен танысты.

Ол «АЛЭС» АҚ-ның ЖЭО-2 станциясына барып, жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді, сондай-ақ «АТКЭ» ЖШС-нің «Премьера» және «Орбита» қазандықтарында жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жобасымен танысты.

Бұдан бөлек, «АЛТС» ЖШС-нің «Алмагүл-Оңтүстік» сорғы станциясына дейінгі ТК-4-2 жылу желілері учаскесі де тексерілді — мұнда жылу желілерін жаңғыртудың екінші кезеңі жүріп жатыр. 

Кездесулер барысында энергия кәсіпорындарының өкілдерімен жылыту маусымына дайындық, технологиялық ақауларды болдырмау, жылу және электр желілерін пайдалану кезіндегі проблемалық мәселелер мен энергетикалық жабдықтардың жұмысындағы ықтимал тәуекелдер талқыланды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар