дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 3:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Зират басына түнеуге бола ма

Зират басына түнеуге бола ма
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Халқымыздың "Егер далада қалсаң, молға барып түне» дегені қаншалықты орынды?

Жақында бір азамат "Қазір жаз мезгілі қас қарая молаға барып, бейіт басында түнеуге бола ма?" деген сауал қойды. Расында түнде қабір басына түнеуге бола ма? Бұған Ислам діні не дейді? деп жазады Jambylinfo.kz.   

Қазақ халқы қабірге түнеуге болама деген сұрақты екіге бөліп қарастырады. 

 Бірінші – біз үлкендерден "Егер далада қалсаң, молға барып түне» дегенді естейтінбіз. Бірақ, кейбір кітаптарда моланың ішінде жын-шайтандар паналайды деген. Моланың ішіне түнеген жағдайда жын-шайтанның адамға зияны тиюі мүмкін бе?      

Пайғамбарымыз (с.ғ.с ): "Қабірді зиярат ету өлімді еске түсіреді"  деген.       

Дініміз  айдалада адасып кеткен кісіге амалсыздан мазарға түнеуіне рұқсат береді.

Бұл жағдайда ішінен Құран сүрелерін оқып жатқаны абзал.         

Екінші – қабірді басу, оған отыру, дәрет сындыру және қабірде ұйықтау "мәкрүһ" дейді ғалымдарымыз.

Бұған байланысты Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Әлдекімнің шоққа отырып, киімін өртеп, терісін күйдіріп алуы қабірге отыруынан анағұрлым абзал", – деген. Бұл хадис қабірде ұйықтаудың да мәкрүһ екенін меңзеп тұр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар