сәрсенбі, 30 сәуір, 2025 18:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Тіл мәселесі емес, тұрмыстық мәдениетсіздік" : Ерлан Карин "Magnum мәселесіне" қатысты пікір білдірді

"Тіл мәселесі емес, тұрмыстық мәдениетсіздік" : Ерлан Карин "Magnum мәселесіне" қатысты пікір білдірді
Aqorda
Ерлан Карин Қазақстандағы тіл мәселесі жоқ екенін, бірақ тұрмыстық мәдениетсіздікке баса назар аудару қажеттігін айтты.

Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин ішкі саясатты жүзеге асырудың бағыттары жөнінде Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесу өткізіп, елімізде тіл мәселесіне қатысты нақты қақтығыстар жоқ екенін, алайда кей жерлерде тұрмыстық мәдениетсіздіктің орын алатынын айтты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Тілге қатысты болып көрінетін кейбір резонансты жағдайлар негізінен қызмет көрсету саласындағы тұрмыстық қақтығыстар. Оларды кейбіреулер басқа мәселе ретінде көрсетуге тырысады», – деп атап өтті Ерлан Карин кездесуде.

Оның айтуынша, мұндай қақтығыстардың басты себебі – қарапайым этика, әдептілік және мәдениет мәселелері.

«Негізінде, біздің елімізде тіл мәселесіне байланысты ешқандай жанжал жоқ. Бірақ, өкінішке орай, кейбір жерлерде тұрмыстық мәдениетсіздік байқалады. Алдымен осы мәселеге көңіл бөлу керек – жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру, адамгершілік мәдениетін насихаттау», – деді мемлекеттік кеңесші.

Осыған байланысты, Карин, барлық жағдайды дұрыс бағалап, «құм мен тасты ажырату» қажет екенін жеткізді. Ол осы сияқты оқиғалардың қоғамның жалпы көңіл-күйін көрсетпейтінін атап өтті.

«Сонымен қатар, кейбір адамдар даулы жағдайды әдейі ушықтырып, өздерінің жеке мүдделерін көздеп отыр», – деді ол.

Мемлекеттік кеңесші осындай қақтығыстарды қоздырушы тұлғалар заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын да айтты.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар