сенбі, 17 мамыр, 2025 16:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Автобус ішіне камера орнатады»:  Қоғамдық көлік иелеріне жаңа талап қойылмақ

«Автобус ішіне камера орнатады»:  Қоғамдық көлік иелеріне жаңа талап қойылмақ
Жамбыл облысының әкімдігі
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауапта жазылған

Үкімет басшысы қоғамдық көлік жүргізушілерін оқыс шабуылдардан қорғау шаралары туралы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

— Қазіргі таңда қоғамдық көлік жүргізушілерін толықтай оқшаулау мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Өйткені ондай тәсілге қылмыс деңгейі жоғары елдер жүгінеді. Оның үстіне көптеген елде жүргізушілердің денсаулығы қозғалыс кезінде нашарлаған жағдайда дер кезінде көмек берілуі үшін жұмыс кеңістігі толық оқшауланбайды. Автобус ішінде кикілжің болған жағдайда жүргізуші көлікті бірден тоқтатып, полиция шақыруы керек. Жолаушылар тасымалдау ережесінде жүргізушінің назарын бөлуге тыйым салынған, — дейді Үкімет басшысы.

Үкімет қоғамдық көліктерге камера орнату талабын заңмен бекітіп алмақ.

— Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көліктің жаңа түрлерінің қозғалысын реттеу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының аясында автобус ішіндегі заң бұзу фактілерін тіркеу үшін қоғамдық көліктерді бейнебақылау камераларымен жабдықтау туралы нормалар енгізілмек, — деп жазылған жауапта.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар