сәрсенбі, 14 мамыр, 2025 13:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"JAMBYL " телеарнасы елімізде алғашқылардың бірі болып анимациялық ертегі жасады

"JAMBYL " телеарнасы елімізде алғашқылардың бірі болып анимациялық ертегі жасады
скриншот
Телеөнім ЖИ көмегі арқылы әзірленген

Облыстық "JAMBYL " телеарнасы кішкентай көрермендері үшін ертегілер әзірлеуді  қолға алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қиялға технология арқылы қанат бітірген ұжымның еңбегін көрермен де жылы қабылдады. Мұны әлеуметтік желіде жазылған жылы пікірлерден байқауға болады. 
Анимациялық ертегінің бірінші шығарылымында тышқан мен арыстанның шынайы достығы көрсетілген. Осылайша әріптестеріміз кіші буынның бойынша үміт пен сенім ұялатпақ. 

- Бүгін біз алғаш рет Жасанды интеллекттің көмегімен дайындалған анимациялық қазақ ертегісін ұсынамыз. Кішкентай тышқан мен алып арыстанның достығы туралы бұл хикая –кішкентай  көрермендеріміз үшін тамаша тарту. Әрбір кадр – шығармашылық пен интеллекттің үндесуі. Әрбір көрініс – үміт пен сенімнің бейнесі. Енді арманды бейнелеу үшін тек қиял ғана емес, жаңа технология да бірге жұмыс істейді. Алғаш рет ЖИ арқылы өмірге келген ертегі сізге жылылық, бізге  шабыт сыйлайды деп сенеміз,- деп жазды телеарна ұжымы.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар