Жаңалықтар
Түркістан тұрғындарынан 12 мыңнан астам трамадол таблеткасы тәркіленді
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 сәуір, 2025
- 839
Күдіктілер қамауға алынды.
Түркістан облысының полициясы құрамында есірткі заты бар Трамадол дәрілік препаратын сақтау және тасымалдау дерегіне қатысты күдікті екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түлкібас ауданының Алматы – Шымкент тасжолында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары, екі ер адам отырған Lada автокөлігін тоқтатты.
Аталған көліктің жүксалғышын тексеру кезінде Трамадолдың 12 мыңнан астам таблеткасын тауып, тәркіледі.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Екінші жыл қатарынан рекорд: Қазақстанда 27,1 млн тоннадан астам астық жиналды
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025






