Қазақстанда сібір жарасымен байланысты 239 қорым әлі де қауіпсіздік талаптарына сай емес
- авторБақытжан Бекболат
- 30 сәуір, 2025
- 165

Қазақстанда сібір жарасы жұққан малдар көмілген 239 қорым әлі күнге дейін қауіпсіздік талаптарына сай келмейді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, өткен жылы ел аумағындағы скотомогильниктерге (мал қорымдарына) ревизия жүргізілген. Нәтижесінде 887 қорымның санитарлық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған.
"Бүгінде Қазақстанда сібір жарасына қатысты тарихи 2560 қорым бар. Соның 2210-ы нақты анықталған және барлығы жергілікті атқарушы органдардың балансында тұр. Өткен жылы көктемгі су тасқынына дейін Президент әкімшілігі бұл қорымдардың жағдайын тексеруді тапсырған болатын. Ревизия нәтижесінде 887 қорым талапқа сай емес екені белгілі болды", – деді Ташымов Сенаттың аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысында.
Тексеруден кейін жергілікті әкімдіктерге бетон саркофагтар, қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату үшін қаржы бөлінген. 2023 жылы 648 қорым ретке келтіріліп, оған 261 миллион теңге жұмсалған. Алайда қазіргі таңда тағы 239 қорым жөндеуді қажет етеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.