Жануар тұрғындардың ауласына аңшылардан қашып кірген
Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясындағы елді мекендердің біріндегі үй ауласында қабан егде жастағы әйелді өлтірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Хуанцю шибао» басылымының жазуынша, жексенбі күні жергілікті тұрғындар Қытайдың Шэньси провинциясының уезінде егіс алқаптарына залал келтірген қабандарды аулауға шыққан. Аңшылардан қашқан қабанның бірі үйдің ауласына кіріп, әйел адамды қатты екпінмен қағып өткен. Соның салдарынан 76 жастағы осы кісі ауыр жараланып, көз жұмды.
Бұл оқиға Қытайда көпшіліктің назарын аударды. Бірқатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары адамның алдынан қабан шыққан кезде, қандай әрекеттер жасау керектігі жөнінде нұсқаулықтар таратты
Келесі мақала