«Аңға айналған адамдар». Квадроберлер 15 тәулікке қамалуы мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 25 қазан, 2024
- 241
Өзбекстанда квадробинг субмәдениетімен әуестенетін кәмелетке толғандар енді 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo. kz
Kazinform агенттігінің жазуанша, Өзбекстан ІІМ Қоғамдық қауіпсіздік департаменті квадробинг субмәдениетіне еліктейтін жастар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартылатынын мәлімдеген. Атап айтқанда, оларға 3-5 базалық есептік шама аралығында (88,5 доллардан 147 долларға дейін) айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.
Ведомствоның баспасөз қызметінен атап өткендей, кейінгі уақыттарда жануарлардың бетпердесін киіп, солардың іс-қимылын қайталайтын жастар көбейе бастаған.
Мәселен, Ташкентте квадробинг субмәдениетімен әуестенетін екі жасөспірім итке еліктеп, адамдарға шабуыл жасаған. Тиісінше, одан балалар мен тұрғындар секем алды. Кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғындардың ата-анасымен сөйлесіп, оларға бала тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін 1,8 млн сум (шамамен 147 доллар) айыппұл салынуы мүмкін екенін ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024