сәрсенбі, 9 сәуір, 2025 18:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ Қазақстаннан келетін тауарларға жаңа сауда тосқауылын қойды

АҚШ Қазақстаннан келетін тауарларға жаңа сауда тосқауылын қойды
Фото: 1tv.ge
АҚШ президенті Дональд Трамп өз елінің экономикалық мүдделерін қорғау үшін сыртқы сауда саясатын қайта қарады. Соның аясында Қазақстаннан импортталатын өнімдерге 27% көлемінде жаңа баж салығы енгізілді.

Вашингтон бұл қадамды америкалық бизнеске қолдау көрсету және "әділ бәсекелестікті" қамтамасыз ету мақсатында жасап отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ақ үйдің жаңа сауда ережелері бірқатар елдерге әсер етіп, олардың АҚШ-пен экономикалық байланыстарын қиындатуы мүмкін.

Трамп әкімшілігінің қағидаты қарапайым: егер шетелдік мемлекет америкалық тауарларға шектеулер енгізсе немесе өз өндірушілерін қолдаса, АҚШ та жауап ретінде сол елден келетін өнімдерге жоғары тариф қояды.

Жаңа тарифтік саясатқа енген елдердің қатарында Қазақстанмен бірге Қытай (34%), Үндістан (26%), Оңтүстік Корея (25%), Таиланд (36%), Еуропалық одақ (20%) және Швейцария (31%) бар. Ең қатаң баж салығы Камбоджа (49%), Мадагаскар (47%), Вьетнам (46%), Шри-Ланка (44%) және Мьянмаға (44%) салынды.

Бұл өзгерістер Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда байланыстарына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз. Дегенмен, жаңа тарифтер қазақстандық экспорттаушыларға қосымша қиындықтар тудыруы мүмкін.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар