жұма, 22 қараша, 2024 19:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ пен Қытай тағы дауласты

АҚШ пен Қытай тағы дауласты
ашық дереккөзі
АҚШ пен Қытай тағы дауласты
Қытай үкіметі жеке ақпараттарға, қауіпсіздікке нұқсан келтіреді деп бірқатар мемлекетте тыйым салынған Tik tok қосымшасының АҚШ-пен жұмыс істеуіне қарсылық білдіретінін хабарлады.
Қосымшаның жасаушысы ByteDance бағдарламаны қызы­ғу­шылық танытқан АҚШ-тық ком­панияларға сататынын хабарлаған-ды. Олардың ішінде Microsoft пен Oracle сынды магнаттар да бар. Алай­да АҚШ үкіметі, әсіресе президент Трамп бұл бағдараламаның Америка жеріне келуіне қарсылығын білдірді. Ол ByteDance-ке қыркүйектің орта­сына дейін келісімді аяқтауға уақыт берді. Ал ByteDance иесі Reuters агент­тігіне берген сұхбатында Қытай үкіметінің аталған бағдарламаны АҚШ-тың ерекше назарға алатынын, тіпті мемлекетте пайдалануға тыйым салатынынын болжамағанын да айтады. Қытайдың Мемлекеттік кеңе­сінің ақпараттық бюросы мен Сырт­қы істер министрлігі бұл мәлім­демеге бірден жауап берген жоқ. Алайда бірнеше күннен кейін Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Жао Лижиан АҚШ-қа қауіпсіздікті сылтау етіп шетелдік компанияларға қысым көрсету тоқтатылуы тиіс екенін айтты. Бағдарламаның жұмыс істеп-істемеуіне қатысты даудың аста­р­ында екі державаның басқа мә­се­лелері жатқаны анық. Дональд Трамп елдің қауіпсіздігіне қа­тер төнеді деп бүгінде желі қолда­нуыш­лары арасында кеңінен тара­ған танымал қосымшаның жұ­мысын тоқтату арқылы Қытайдың тех­нологияларына қарсылығын біл­дірсе, Қытай үкіметі бағдарламаны жа­саушыларға сатуға тыйым салу арқылы есе қайтарып отыр. Деген­мен Microsoft сияқты үлкен ком­па­ниялар бағдарламаның дамуына қатысты стратегияларын ұсынып, күштердің қақтығысын елемеуге тырысуда. Reuters агенттігінің жазуынша, TikTok-ты сатып алушылар 4 жол ұсынып отырған көрінеді. Соның ішінде ByteDance-тің өзі қаласа, тауарды АҚШ-қа Қытай Сауда министрлігінің рұқсатынсыз-ақ сату бар. Мұндай әрекет бағдарламаның кілттік алгоритмдері сатылмаған жағдайда заң бұзуға жатпайды екен. ByteDance-тің басшысы Анг Иминг те екі оттың ортасында қалға­нын айтады. «Өткен айда АҚШ пре­зиденті Дональд Трамп бағдар­ламамыздың Америкада қолда­нылуына тыйым салатынын хабар­лады. Біздің бағдарламамызды көбіне жасөспірімдер қолданады. Ол видео түсіруге ыңғайлы. АҚШ қорға­ныс саласындағылардың айтуын­ша, бағдарламада жиналатын ақпа­рат Қытайға сатылуы мүмкін. Дегенмен біз ешбір келісім­сіз еш­қандай ақпаратты Қытай үкіме­тіне бермейміз», деді журналистерге. Ал Қытай мынадай мәлімдемеге қатысты шетелге сатылмас бұрын үкіметтің рұқсатын алуы міндетті компаниялар тізімін жасады. Сарап­шылар бұл тізімнің көшін TikTok бастайды деген-ді. Олардың болжамы дәл келіп, Қытай билігі бағдарламаның алгоритмі рұқсатты қажет ететін қосымша деп таныды. Кәсіпкерлер мұны қисынсыз деп ойлайтынын білдірді. «Екі ел өз мүдделері үшін тартысуда, алайда екі арада нағыз жұмыс істеп жат­қан жазықсыз кәсіпкерлер мен ком­па­ниялар жапа шегуде», дейді олар. TikTok видео түсіруге арналған плат­формасы АҚШ-тан бөлек Үндіс­танда да тыйым салынған. Үнді үкіметі аталған бағдарламамен қатар тағы 59 қосымшаның жұмысын тоқ­татты. Мұндай әрекетін елдің за­йырлығы мен мемлекет қауіпсіз­дігін, қоғамдық тәртіпті реттеу мақ­сатында деп түсіндірді. Ауғанстанда да қосымшаға қатысты дау шығып, әрі қарайғы жұмысы үлкен проб­лемаға айналды. Трамптың былтырғы Huawei компаниясына қатысты санкциясы әлі күшін жойған жоқ. Енді ол қа­тарға бағдарлама қосылып отыр. Мұ­ның шын мәнінде қауіпсіздік мәсе­лесі ме, әлде сыныққа сылтау екені сарапшыларға да, саясаткерлерге де беймәлім. Бір белгілісі АҚШ-та Қытай өнімінің уақыт өткен сайын азайып бара жатқаны. Екі державаның тартысы тағы қандай жаңа ережеге негіз болары да әлем жұртшылығын алаңдатуда.  
egemen.kz
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар