жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытай Газа секторын қалпына келтіруге 100 млн доллар бөледі

Қытай Газа секторын қалпына келтіруге 100 млн доллар бөледі
Фото: Ken Ishii / Getty Images
Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қытай Газа секторындағы гуманитарлық дағдарысты жеңілдету және өңірді қалпына келтіру жұмыстарына 100 миллион доллар қаржы бөлетінін мәлімдеді, деп Jambylinfo.kz Report агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қытай мен Франция аэроғарыш, атом энергетикасы және жасыл технологиялар, жасанды интеллект секілді жаңа бағыттардағы стратегиялық әріптестікті кеңейтуге келіскен.

Өз кезегінде Макрон Қытайдың Украинадағы соғысты тоқтату мәселесінде Ресейге ықпал етуін қалайтынын айтты. Фрацнуз лидері халықаралық тәртіп әлсіреп, геосаяси қауіптер күшейгенін атап өтіп, Париж бен Бейжің арасындағы тұрақты диалогтың маңызы айтарлықтай арта түскенін жеткізді.

«Біз Қытайдың уақытша атысты тоқтату бастамасына, әсіресе өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдарды нысанаға алуға мораторий жариялау жөніндегі ұсыныстарымызға қолдау көрсетеді деп сенеміз», – деді Макрон.

Си Цзиньпин бұл пікірге нақты жауап бермегенімен, Қытай бейбітшілікке бағытталған кез келген бастаманы қолдайтынын және барлық тараптың келісімге келуі үшін күш салуға дайын екенін мәлімдеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар