Әлемде
АҚШ-тан өз еркімен кетуге келісетін мигранттарға төленетін төлем 3 мың долларға дейін ұлғайтылды
- авторБақытжан Бекболат
- 23 желтоқсан, 2025
- 249
Бағдарламаға қатысушылар елден шығу мерзімін бұзғаны үшін салынатын азаматтық айыппұлдардан босатылады.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі елден өз еркімен кететін мигранттарға берілетін жәрдемақыны үш есеге арттырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жыл соңына дейін CBP Home қосымшасы арқылы тіркелген азаматтар 3 мың доллар көлемінде төлем алып, тегін әуе билетімен қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаға қатысушылар елден шығу мерзімін бұзғаны үшін салынатын азаматтық айыппұлдардан босатылады. Ведомство дерегінше, 2025 жылдың басынан бері 1,9 миллион адам АҚШ-тан өз еркімен кеткен.
АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм бұл науқан аяқталғаннан кейін заңсыз жүрген мигранттарды іздеу жұмыстары күшейтіліп, олар мәжбүрлі түрде елден шығарылатынын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Bloomberg: Еуроодақ Қырғызстанға санкция салуды қарастыруда
- авторБақытжан Бекболат
- 2 ақпан, 2026
Әлемде
GGG-ге көрсетілген құрмет: The Ring кешіндегі ерекше сәт
- авторБақытжан Бекболат
- 31 қаңтар, 2026






