Әлемде
АҚШ: Таулы Қарабақ бойынша гуманитарлық келісім дүйсенбі күні күшіне енеді
- авторjambylinfo.kz
- 26 қазан, 2020
- 254
АҚШ: Таулы Қарабақ бойынша гуманитарлық келісім дүйсенбі күні күшіне енеді
Таулы Қарабақ бойынша гуманитарлық келісім 26 қазан таңертең күшіне енеді. АҚШ, Армения, Әзербайжанның бірігіп жасаған ортақ мәлімдемесінде осылай деп жазылған.
Мәлімдемеде бейбіт келісімнің 26 қазан жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңертеңгі сағат 10.00) күшіне енетіні айтылған.
Өткен аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Вашингтонда Армения және Әзербайжан сыртқы істер министрлерімен келіссөз өткізген.
Тараптар қазан айының өзінде екі рет келісімге келетінін мәлімдегенмен атысты тоқтату режимін сақтамаған еді.
Жексенбі күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Губадлы (Кубатлы) қаласының әзербайжан жағына өткенін хабарлады.
Егер бұл ақпарат расталса, бұл 1990-жылдардан бері армян күштерінің бақылауында болып, 27 қыркүйектен бері Әзербайжанға қайтарылған төртінші аудан орталығы болмақ. Бұл аудан орталықтары Таулы Қарабақ аумағында орналасқан.
azattyq
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Перзентханада ауысқан баланың құран арқылы анасын табуы
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Президенттің атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2024
Әлемде
“Екі ұшқыш қаза тапты”. Түркияда тікұшақ әлеуметтік нысанға құлады
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024