АҚШ Венесуэла астанасы Каракасқа әскери шабуыл жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 қаңтар, 2026
- 137
Куәгерлер әуеде ұшақтардың гуілі мен жарылыс дыбыстары анық естілгенін айтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қаланың оңтүстік бөлігінде, ірі әскери нысанға жақын аумақта электр жарығы уақытша өшкен. Қазіргі таңда жарылыстардың нақты орны мен себептері ресми түрде расталған жоқ.
Бейресми деректерге сәйкес, соққы жасалған аймақты Tren de Aragua қылмыстық тобы есірткі заттарын сақтау және теңіз кемелеріне тиеу үшін пайдаланған. Ақпарат көздері нысан бос болғанын, шабуыл салдарынан адам шығыны тіркелмегенін хабарлайды.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп сұхбаттарының бірінде есірткі тасымалымен байланысты ірі нысанның жойылғанын мәлімдеген еді. Алайда операцияны нақты қай құрылым жүргізгенін ашып айтпаған.
CNN екі дереккөзге сүйене отырып, барлау жұмыстарына АҚШ армиясының арнайы бөлімшелері тартылғанын жазды. Дегенмен Арнайы операциялар күштерінің ресми өкілі бұл мәліметті жоққа шығарды.
Ұқсас жаңалықтар
Астрономдар галактиканың қақ ортасынан алып ғаламшар тапты
- авторБақытжан Бекболат
- 2 қаңтар, 2026






