сәрсенбі, 14 мамыр, 2025 4:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ заңсыз мигранттарға өз еркімен кеткен жағдайда 1000 доллар төлейтін бағдарламаны іске қосты

АҚШ заңсыз мигранттарға өз еркімен кеткен жағдайда 1000 доллар төлейтін бағдарламаны іске қосты
Pixabay.com
Америка Құрама Штаттары елден өз еркімен кететін заңсыз мигранттарға 1000 доллар көлемінде қаржылай көмек береді. Бұл туралы елдің Ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлімдеді.

Дональд Трамп әкімшілігі заңсыз мигранттарға арналған ерікті кету бағдарламасын іске қосқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мигранттар арнайы жасалған CBP Home мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады. Елден кеткені расталған соң, мемлекет оларға 1000 доллар төлейді (бұл шамамен 500 мың теңге).

"Ерікті түрде кету — АҚШ-тан шығудың лайықты жолы. Бұл шара мигранттардың иммиграциялық полициямен бетпе-бет кездеспеуіне мүмкіндік береді. Ал CBP Home қосымшасы арқылы бұл процесс 70 пайызға арзанға түседі", – делінген мәлімдемеде.

Қазір бір мигрантты ұстау, қамап, елден шығару үдерісі АҚШ салық төлеушілеріне шамамен 17 мың долларға (8,7 млн теңге) шығын әкеледі.

Министрлік бұл бағдарламаға қатысқан адамдардың болашақта заңды түрде АҚШ-қа қайта оралу мүмкіндігі сақталатынын атап өтті.

Президент Трамп бұл бағдарламаны сәуір айының ортасында жариялаған болатын.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар