Әлемде
Ақ үй Женевадағы келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 24 қараша, 2025
- 180
Мәліметке сәйкес, келіссөздер мазмұнды әрі конструктивті өткен.
Ақ үй Вашингтон ұсынған бейбіт жоспар жобасын талқылауға арналған АҚШ пен Украина делегацияларының Женевадағы кездесуі жөнінде бірлескен мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мәліметке сәйкес, келіссөздер мазмұнды әрі конструктивті өткен.
Тараптар кез келген болашақ келісім Украина егемендігіне толық кепілдік беріп, тұрақты және әділ бейбітшілікті қамтамасыз етуі тиіс екенін қайта растады. Сонымен қатар Украина мен АҚШ алдағы күндері ортақ ұсыныстарды пысықтауға бағытталған қарқынды жұмысты жалғастыруға келісті. Бұл үдеріс Еуропадағы серіктестермен бірлесіп жүргізілетіні де атап өтілді.
Соңғы шешімді қабылдау құқығы Украина мен АҚШ президенттеріне тиесілі екені мәлімделді.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Женевада Димаш Құдайбергенге Ғаламдық ізгі ниет елшісі атағы берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 9 желтоқсан, 2025
Әлемде
Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, цунами қаупі жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 9 желтоқсан, 2025






