Қытай билігі Alibaba Group-қа қатысты монополияға қарсы тергеу процедурасын бастады. Бұл туралы Wall Street Journal хабарлады.
Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы келтірген мәліметке сүйенсек, Alibaba Group сатушыларды «екеудің біреуін таңдауға», яғни өздерімен ғана жұмыс істеп, бәсекелестерімен жұмысты тоқтатуға мәжбүрлеген.
«Заңға сәйкес, Alibaba Group-қа қатысты монополистік әрекеттерге күдік бойынша тергеу басталды», делінген мемлекеттік басқарманың нарықты реттеу жайлы мәлімдемесінде.
Alibaba Group компаниясы бейсенбіде хабарлама алғанын және реттеушілердің тергеуіне белсенділік танытып көмектесетінін растады. Осыдан кейін компанияның Гонконг қор биржасындағы акцияларының бағасы 8,1 пайызға төмендеді.
Біраз уақыт бұрын Қытай билігі Alibaba компаниясының құны 35 млрд долларлық Ant Group жобасын IPO-ға шығаруына тыйым салған-ды. Бұл қадам Alibaba басшылығын да, инвесторларды да таңғалдырғаны анық.
Бейжің билігінің Ant Group-тың IPO-ға шығуына жол бермеуінің басты себебі біреу ғана. Таяуда Alibaba-ның негізін қалаған Джек Ма Шанхайдағы жиындардың бірінде Қытайдың интернет технология саласындағы ережелерін сынаған болатын. Wall Street Journal-дың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, осы оқиғадан кейін Си Цзиньпин құзырлы органдарға арнайы тапсырма беріп, Alibaba-ның мәселесін майшаммен қарауды тапсырған көрінеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Теңге мен мұнай нарығы жаңа штамм ықпалында тұр
Ұқсас жаңалықтар
Жасанды интеллект: Қазақстан 50 озық елдің қатарына енді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024