жұма, 2 қаңтар, 2026 16:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астрономдар галактиканың қақ ортасынан алып ғаламшар тапты

Астрономдар галактиканың қақ ортасынан алып ғаламшар тапты
Фото: Report
Астрономдар Құс жолы галактикасының орталық бөлігінде Сатурнға ұқсайтын жаңа ғаламшарды анықтады.

Бұл жаңалық Science ғылыми журналында жарияланған зерттеуде көрсетілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Report агенттігіне сілтеме жасап

Аталған аспан денесі Жерден шамамен 9 900 жарық жылы қашықтықта орналасқан және Мерген шоқжұлдызы аумағына жатады. Зерттеу нәтижелері ірі планеталардың кей жағдайларда өздерін қалыптастырған жұлдыздық жүйеден бөлініп, кеңістікке шығып кетуі мүмкін екенін дәлелдей түсті.

Жаңалық OGLE халықаралық жобасы шеңберінде ашылған. Зерттеуді Варшава университеті обсерваториясының директоры, поляк ғалымы Анджей Удалски жетекшілік еткен астрономдар тобы жүргізген.

Ғалымдар алыстағы әрі көзге көрінбейтін нысандар тудыратын гравитациялық микролинза құбылысын бақылау барысында бұл планетаны анықтаған. Осындай зерттеулер кезінде астрономдар көбіне жарығы әлсіз әрі суық «еркін кезбе планеталарға» тап болады.

Алайда мұндай нысандардың нақты пайда болу тетігі әлі толық түсіндірілмеген. Кейбір зерттеушілер оларды жұлдыздық жүйелердегі күрделі гравитациялық әсерлер салдарынан сыртқа ығысқан алып ғаламшарлар деп есептесе, енді бір ғалымдар оларды массасы тым аз болғандықтан жұлдызға айнала алмаған «сәтсіз» аспан денелері деп санайды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар