Австралиялық ғалымдар ежелгі киттің жаңа түрін тапты
- авторБақытжан Бекболат
- 14 тамыз, 2025
- 588
Бұл киттің жаңа түрі Janjucetus dullardi деп аталды. Атауы – Ян-Джук жағажайында серуендеп жүрген кезде жануардың қазба қалдықтарын тауып, оларды ғалымдарға тапсырған жергілікті тұрғын Росс Дуллардың құрметіне қойылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл киттер көлемі жағынан дельфиндерге ұқсас болған. Ересек даралары шамамен үш метрге дейін өскен. Олардың көзі теннис добындай үлкен, тұмсығы қысқа және терең тамырланған тістері болған. Өткір тістерінің болуы оларды қазіргі туыстары саналатын мұртты киттерден мүлде өзгеше еткен.
"Бұл шынында да түрі сұсты кит болған, жеке өз басым онымен суда жолығуды қаламас едім", – дейді Виктория ғылыми-зерттеу институты музейінің палеонтология бөлімінің аға кураторы Эрих Фицджеральд.
Ғалымдардың бағалауынша, бұл киттер Жер бетінде шамамен 25 миллион жыл бұрын тіршілік еткен.
Қызылордада 88 млн теңге жымқырғандар сотталды
Ұқсас жаңалықтар
Tesla әлемдегі ең ірі электромобиль өндірушісі атағынан айырылды
- авторБақытжан Бекболат
- 3 қаңтар, 2026
Астрономдар галактиканың қақ ортасынан алып ғаламшар тапты
- авторБақытжан Бекболат
- 2 қаңтар, 2026





