Бүгін Бангладештегі Раджшахи облысының солтүстік батысында жолаушылар пойызы адам толы автобуспен соқтығысты.
Апат салдарынан 13 адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанған. Басылымның деректеріне қарағанда, жолаушылар жүрдек пойызы автобуспен теміржол өткелінде соқтығысып, көлікті рельс бойымен шамамен 500 метрге дейін сүйреп кеткен.
Автобустағы 11 жолаушы оқиға орнында жан тапсырды, бесеуі ауруханаға жеткізілген, сол жерде тағы екі адам алған жарақат салдарынан көз жұмды. Полицейлер мен құтқарушылар оқиға орнына жетті.
Алдын ала ақпаратқа қарағанда, келеңсіз жағдай теміржол өткеліндегі қызметкердің жұмыс кезінде ұйықтап қалуы салдарынан орын алған. Елдің батысында теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
2021 жылы бюджет қалай бөлінеді?
Ұқсас жаңалықтар
Президенттің атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2024
“Екі ұшқыш қаза тапты”. Түркияда тікұшақ әлеуметтік нысанға құлады
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024