Билл Гейтстің әкесі қайтыс болды
Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің әкесі Уильям Гейтс 94 жасында көз жұмды.
"Кеше әкем туған-туыстарының ортасында жан тәсілім етті. Оған деген сағынышымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қайғы жұтып отырмыз, бірақ ол кісіге деген алғысымыз да шексіз. Осы уақыт аралығында әкем секілді тамаша жан қасымызда болды, оның ақыл-кеңесін естіп өстік. Сондықтан да өзімізді жолы болғандардың қатарына қосамыз", деп жазды миллиардер өзінің блогында.
Ол 50 жасқа толған күні әкесінен хат алғанын айтты және бұл ерекше сыйлықты өміріндегі ең құндыларының бірі деп атады.
New York Times басылымының мәліметінше, У.Гейтстің қазасына альцгеймер ауруы себеп болған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Отандық өнімдер таныстырылды
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Президенттің атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2024
Әлемде
“Екі ұшқыш қаза тапты”. Түркияда тікұшақ әлеуметтік нысанға құлады
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024