Әлемде
Бір жыл бойы мұздатқышта қатырылған кеспені жеген бір отбасының жеті мүшесі көз жұмды
- авторjambylinfo.kz
- 12 қазан, 2020
- 207
Бір жыл бойы мұздатқышта қатырылған кеспені жеген бір отбасының жеті мүшесі көз жұмды
Қытайда жеті адам жыл бойы мұздатқышта қатырылған кеспені жегеннен кейін қайтыс болды.
Жергілікті Xinhua агенттігінің ақпаратына сәйкес, Қытайдың Хэйлунцзян провинциясында жеті адам түскі тамақтан уланып көз жұмған. Қайғылы оқиға Цзидун уездінде болған. Ван есімді тұрғын өз отбасының сегіз мүшесімен бірге бір жыл бойы мұздатылған күйі сақталған жергілікті тағам – ашыған кеспені жегеннен кейін, барлығы уланып қалған. Тәртіп сақшылары қасақана өлтіру мақсатында тағаммен улау болжамын теріске шығарып отыр. Себебі оқиға орнында тәркіге алынған кеспеден улы зат табылмаған. Зертханалық сараптамалардың нәтижесіне сәйкес, кеспедегі афлатоксин мөлшері тиісті нормадан әлдеқайда асып кеткен екен. Тергеу "марқұмдар афлатоксинмен уланған" деген ұйғарымға келген.
nur.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Дәрігерлер COVID-19-дың жаңа белгілерін атады
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Жасанды интеллект: Қазақстан 50 озық елдің қатарына енді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024