сәрсенбі, 14 мамыр, 2025 4:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бітім бе? Қойылым ба?: Зеленский Путиннің ұсынысын қабыл алмады

Бітім бе? Қойылым ба?: Зеленский Путиннің ұсынысын қабыл алмады
Фото: Getty Images/BBC
Ресей Жеңіс күніне орай 8–11 мамыр аралығында ұрыс қимылдарын тоқтатуды ұсынды. Алайда Украина бұл бастаманы қабылдаудан бас тартты.

Владимир Путиннің бастамасымен Мәскеу 9 мамырға арналған парад пен мерекелік күндерге байланысты уақытша бітім жариялауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бірақ Украина президенті Владимир Зеленский бұл ұсынысты «сахналық қойылым» деп атап, қолдаудан бас тартты. Оның айтуынша, Ресей бұған дейін де Пасха мерекесінде дәл осындай бітім жариялап, артынша өзі бұзған.

«Біз Мәскеудегі парадтың қауіпсіздігіне жауап бермейміз. Бұл біздің міндетіміз емес», – деді Зеленский.

Айта кетейік, ақпан айында АҚШ делегациясы Киев пен Мәскеу арасында диалог орнату үшін жеке келіссөздер жүргізген болатын. Ол кезде Украина Вашингтон ұсынған 30 күндік уақытша тыныштыққа келіссе, Ресей бұл форматқа қарсы болған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар