Дөнер дауы аяқталды: Түркия ЕО талаптарынан бас тартты
- авторБақытжан Бекболат
- 25 қыркүйек, 2025
- 349
Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы дөнер-кебап рецептіне қатысты ұзаққа созылған дау аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.
Дөнер өндірушілердің халықаралық ассоциациясы Udofed тағамды ЕО-ның дәстүрлі тағамдар тізіміне бір елге тиесілі деп қосу талабынан бас тартты. Бұл талап 3,5 жыл бұрын қойылған еді және қабылданған жағдайда дёнерді тек белгілі бір рецептура бойынша жасау міндеттелетін еді.
Енді ЕО елдерінде дөнерді жергілікті тұтынушыларға таныс әдіспен жасауға болады. Егер Түркия жеңіске жеткен болса, Германиядағы дөнер құрамындағы кейбір ингредиенттер, мысалы сиыр еті немесе күркетауық, пайдалануға тыйым салынар еді. Түрік рецепті бойынша дөнер тек сиыр етінен немесе 6 айдан асқан қой етінен дайындалуы керек еді, ал неміс нарығында тек тауық етінен жасалған дөнер қалар еді.
Сонымен қатар, маринад құрамына рұқсат етілген ингредиенттер, ет кесектерінің қалыңдығы және маринадтаудың уақыты қатаң шектелетін еді. Вегетариандық дөнерлер де түрік стандарттарына сай болмас еді. Сарапшылардың бағалауынша, бұл жағдайда дөнер дайындайтын кәсіпорындардың 80-90%-ы тағамдарын қайта атауға мәжбүр болар еді.





