Даккадағы әуе апаты: қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны артып отыр
- авторБақытжан Бекболат
- 22 шілде, 2025
- 624
Апат 21 шілде күні орын алған. Әуеге енді ғана көтерілген F-7 BGI маркалы жойғыш ұшағы Milestone School and College-нің аумағына құлаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға кезінде ғимарат ішінде сабақ пен емтихандар өтіп жатқан. Құрбандар арасында оқушылар, мұғалімдер және ұшқыш бар. Тағы 88 адам түрлі дәрежедегі күйікпен ауруханаларға жеткізілді.
Елде ұлттық аза тұту күні жарияланды. Мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, мешіттерде, храмдар мен шіркеулерде арнайы діни рәсімдер өтуде. Үкімет тарапынан апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
F-7 BGI – Қытайда жасалған J-7/F-7 ұшақтарының ең заманауи нұсқасы. Бұл үлгідегі 16 ұшақ 2013 жылы Бангладеш әуе күштерінің қаруына қабылданған.
Айта кетейік, бұл трагедия бірнеше апта бұрын көрші Үндістанда болған соңғы он жылдағы ең ірі әуе апатынан кейін тіркеліп отыр.
Қазақстанға келген шетелдіктер саны 7,5 миллионнан асты
Ұқсас жаңалықтар
Tesla әлемдегі ең ірі электромобиль өндірушісі атағынан айырылды
- авторБақытжан Бекболат
- 3 қаңтар, 2026
Астрономдар галактиканың қақ ортасынан алып ғаламшар тапты
- авторБақытжан Бекболат
- 2 қаңтар, 2026






