сенбі, 23 қараша, 2024 22:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дональд Трамп ауруханадан 5 қазанда шығуы мүмкін

Дональд Трамп ауруханадан 5 қазанда шығуы мүмкін
ашық дереккөзі
Дональд Трамп ауруханадан 5 қазанда шығуы мүмкін
АҚШ Президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні, яғни бүгін ауруханадан шығуы мүмкін. Одан кейін ол Ақ үйге қайта оралып, емін сонда жалғастырады. Бұл туралы жексенбі күні өткен журналистерге арналған брифингте мемлекет басшысы дәрігерлер тобының өкілі Брайан Гарибальди мәлімдеді. «Егер ол өзін бүгінгідей сезінсе, онда оны ертең ауруханадан шығаруды жоспарлап отырмыз. Ол Ақ үйге қайтып оралады. Онда өзінің емін жалғастырады», – деді Гарибальди. Трампты емдеп жатқан дәрігер Шон Конли АҚШ президентінің жағдайы жақсарып келе жатқанын айтады. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны хабарланған болатын. 24.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар