жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дональд Трамптың бастамасы: Coca-Cola өз рецептісін өзгертуі мүмкін бе

Дональд Трамптың бастамасы: Coca-Cola өз рецептісін өзгертуі мүмкін бе
Фото: GettyImages
Сарапшылар мұндай өзгерістің экономикалық салдары болуы мүмкін екенін ескертуде

АҚШ президенті Дональд Трамп Coca-Cola компаниясына газдалған сусынның құрамындағы тәттілеуіш ретінде жүгері шәрбатының орнына қамыс қанты қолданылсын деген ұсыныс айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.

«Бұл олардың тарапынан өте дұрыс қадам болар еді – көресіздер, дәмі әлдеқайда жақсы болады!» – деп жазды Трамп әлеуметтік желіде. Оның айтуынша, компания бұл өзгеріске келісім берген.

Алайда Coca-Cola өкілі Трамптың сөзін нақты растамады. Ол тек компанияның президенттің бұл бастамасына қызығушылықпен қарағанын айтып, алдағы уақытта өнім құрамына қатысты жаңа идеялар мен бастамалар таныстырылатынын жеткізді.

Айта кетейік, Дональд Трамп үнемі диеталық кола ішеді. Бұл сусында аспартам атты жасанды тәттілеуіш бар. Президенттің айтуынша, Ақ үйдегі жұмыс кабинетінде арнайы түйме бар – ол арқылы колаға тапсырыс бере алады.

Бұған дейін АҚШ Денсаулық сақтау министрі Роберт Кеннеди-кіші жүгері шәрбатының құрамындағы фруктоза мөлшерінің көптігіне байланысты оның адам денсаулығына зиян екенін айтып, америкалықтарды қантты шектен тыс тұтынғаны үшін сынаған еді.

BBC жазуынша, Coca-Cola рецептурасын өзгерту компанияға едәуір экономикалық шығын әкелуі мүмкін. АҚШ Жүгері өнімдерін өндірушілер қауымдастығының басшысы Джон Боде бұл қадам мыңдаған жұмыс орнын қысқартып, фермерлер табысын азайтып, шетелден қант импортын арттыруы мүмкін екенін ескертті. «Мұның ешқандай тағамдық пайдасы болмайды», – деді ол.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар