Бакудегі Иран елшісі Моджтаба Демирчилу шұғыл түрде Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.
Ведомство Нахичеван автономиялық республикасына жасалған дрон шабуылдарынан кейін жауап шараларын қабылдау құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді.
Әзербайжан СІМ мәліметінше, шабуыл 5 наурыз күні түске қарай болған. Бір дрон Нахичевань әуежайының терминал ғимаратына соққы берген, ал екіншісі Шакерабад ауылындағы мектептің маңына құлаған. Соның салдарынан әуежай ғимараты зақымданып, екі бейбіт тұрғын жарақат алған.
Министрліктің ресми мәлімдемесінде былай делінген:
«Иран Ислам Республикасының аумағынан ұшырылған дрондардың салдарынан әуежай ғимараты бүлініп, екі азамат жарақат алғанын қатаң айыптаймыз. Әзербайжан Республикасының аумағына жасалған бұл шабуыл халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен нормаларын бұзады және аймақтағы жағдайдың ушығуына әкеледі.
Біз Иран Ислам Республикасынан болған оқиғаға қатысты қысқа мерзімде нақты түсініктеме беруді, тиісті тергеу жүргізуді және мұндай шабуылдардың қайталануына жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етеміз. Әзербайжан тарапы тиісті жауап шараларын қабылдау құқығын өзінде қалдырады».
Таяу Шығыстан 2000-нан астам қазақстандық елге оралды
Ұқсас жаңалықтар
Иранда бет-әлпетті тану жүйесі арқылы жаппай бақылау күшейді
- авторБақытжан Бекболат
- 4 наурыз, 2026
Хаменеидің ұлы Иранның жоғарғы көшбасшысы болып сайланды
- авторБақытжан Бекболат
- 4 наурыз, 2026






