Джо Байденге қуық безінің қатерлі ісігінің агрессивті түрі диагнозы қойылды
- авторБақытжан Бекболат
- 19 мамыр, 2025
- 209

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы жексенбі, 18 мамыр күні мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Апта басында Джо Байден несеп шығару жиілеген соң тексеруден өтті. Қуық безінен түйін анықталып, 16 мамыр, жұма күні дәрігерлер оған қуық безінің қатерлі ісігі диагнозын қойды. Ауру Глисон шкаласы бойынша 9 баллмен бағаланып, сүйекке метастаз берген", – деп жазады CNN телеарнасы мен The Hill интернет басылымы.
Мәліметтерге қарағанда, аурудың түрі агрессивті болғанымен, ол гормонға сезімтал, бұл емдеуді тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Джо Байден мен оның отбасы дәрігерлермен бірге емдеу жолдарын қарастырып жатыр.
CNN арнасының хабарлауынша, сенбі-жексенбі күндері Байден Делавэр штатындағы Уилмингтон қаласындағы үйінде болған. Журналистер оны нақты қай жерде ем алып жатқаны жайлы ақпарат алуға тырысқан.
CNN еске салғандай, бірнеше күн бұрын Байденнің өкілі оның қуық безінде кішкене түйін анықталған соң тексеруден өткенін хабарлаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Францияның бұрынғы премьер-министрі төрт жыл шартты жазаға кесілді
- авторБақытжан Бекболат
- 18 маусым, 2025